6. ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ералы» өндірістік кооперативі мүшелерінің кезектен тыс жалпы
жиналысын өткізу туралы
Осымен сіздерге 2025 жылы 29 наурызда сағат 15:00-де Түркістан облысы,
Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округі, Ақарыс ауылы, Құтарыс ауылдық
округінің əкімдігі ғимаратында Кооператив мүшелерінің кезектен тыс жалпы
жиналысы өтетіні туралы хабарлаймыз.
Алдағы жалпы жиналыстың болжамды күн тəртібі: 1. Азаматтардың олар-
ды заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығымен кооператив мүшелігіне
қосу туралы өтініштерін қарау туралы. 2. Кооператив мүшелерінің жаңа тізімін
бекіту. 3. Кооперативтің басқарушы органын (төрағасын) сайлау туралы.
Заңның 15-бабы 8-тармағының 2-абзацына сай егер тиiстi кворум болған
жағдайда жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерi бiрауыздан өзге шешiм
қабылдамаса, жалпы жиналыстың күн тəртiбiне өзгерiстер енгiзуге жəне оған
енгiзiлмеген мəселелер бойынша шешiмдер қабылдауға хақы жоқ.
Осыған байланысты 2025 жылы 19 наурызға дейінгі мерзімде «Ералы»
өндірістік кооперативі мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тəртібіне толықтырулар жəне/немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды
келесі мекенжай бойынша күтеміз: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс
ауылдық округі, Ақарыс ауылы, Құтарыс ауылдық округінің əкімдігі.
10. Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Абдирова көшесі, 65-үй, 4-пəтер тұрғыны Пуч-
ков Александр Вячеславовичтің арызы бойынша, Алматы қаласы Жетісу аудандық соты
2025 жылы 18.02. күні оның інісі Пучков Алексей Вячеславовичті, 1973 жылғы 12.12.
Алматы қаласында туған, қайтыс болды деп жариялау туралы азаматтық іс қозғалды.
Алексей Вячеславович Пучковтың тұрған жері туралы ақпараты бар тұлғалардан осы
хабарландыру жарияланған күннен бастап үш ай ішінде Алматы қаласы Жетісу аудан-
дық сотына хабарлауды сұраймыз.
11. «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы 2024 жылдың қо-
рытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында
кəсіпорынның - «Сергеевка, Петропавл су қоймалары бар су тораптарының
тірек гидротехникалық құрылыстарының көмегімен жер үсті ағынын реттеу»
реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы – тыңдау
өткізілетінін хабарлайды. Тыңдау 2025 жылы 28 наурызда сағат 11:00-де
Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 58-үй, мекенжайы бойынша онлайн «ZOOM»
бейнеконференц байланыс жүйесінің көмегімен өтеді. Бейнеконференция
идентификаторы: 514 485 10 70. Кіру коды: 1 2 3 4 5. Осы тыңдауға қаты-
суға ниет білдірушілер 8-7152-46-33-94 телефоны бойынша хабарласула-
рыңызды сұраймыз.
13. «ДРСУ-8» ЖШС 2025 жыл 10.03.бастап 2025.15.03. дейін Бірыңғай экология-
лық порталда (Ecoportal.kz) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша «Қоршаған
ортаны қорғау» бөлімі бойынша «Кокпек-Кольжат-Кіші Диқан, км 25+349»,
БСН 041040004676, +77012894995. Жобалық құжаттама пакетін ескертулер мен
ұсыныстар үшін Бірыңғай экологиялық порталда көруге болады.
27. «Право» қоғамдық қорының «Бақытты отбасы» отбасылық соттары жанындағы
Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру»
АБҚО КЕАҚ грантын іске асыру туралы ақпарат
«Бақытты отбасы» отбасылық соттары жанын-
дағы Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының
қызметін ұйымдастыру» АБҚО КЕАҚ грантын іске
асыру шеңберінде «Право» ҚҚ Қазақстанның 10
өңірінде: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды,
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан об-
лыстарында, Абай облысында отбасын ресурстық
қолдау орталықтарын құрды. Отбасын ресурстық
қолдау орталықтарының мамандары (психолог-
тар, медиаторлар) ажырасу процесіндегі отбасы
мүшелеріне құқықтық жəне психологиялық көмек
көрсетеді. Бастапқыда татуластыру судьясымен
бірге психологтар мен медиаторлар ерлі-зайып-
тыларды татуластыруға бағытталған кеңестер
мен əңгімелер жүргізеді. Татуласу мүмкін бол-
маған кезде, проблеманы басқаша шешу мүм-
кін болмағанда ерлі-зайыптылар сот процесіне
қатысады, көбінесе бұл отбасы мүшелерінің бірі
тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық, абъю-
зивті қатынастар, алкоголь, есірткіге тəуелділік
фактілеріне қатысты.
2024 жылы ең көп консультациялар Астанада
өткізілді, онда 1 206 отбасылық жұпты қамтыған
2 718 консультация тіркелді. Алматыда осындай
көрсеткіш 57 жұп үшін 186 консультацияны, Шым-
кентте – 353 жұп үшін 915 консультацияны, ал
Қарағандыда – 619 жұп үшін 1 378 консультацияны
құрады. Көкшетау мен Атырау да жобаға айтар-
лықтай тартылғанын көрсетті, Көкшетауда 669 жұп
үшін 1 609 консультация, ал Атырауда 568 жұп
үшін 1 778 консультация өткізілді. Басқа өңірлерде
белсенділік əртүрлі болды: Ақтөбеде 93 жұп үшін
217 консультация тіркелді, Семейде – 40 жұп үшін
83 консультация, Түркістанда орталықтың нақты
ашылуы желтоқсан айында ғана өтті, осы кезеңде
Түркістан облысында психолог 32 консультация
өткізіп, отбасыларға 9 зерттеу жүргізді.
Ұлытау облысындағы Отбасын ресурстық қол-
дау орталығының қызметін ұйымдастыру бөлігін-
де мемлекеттік тілді меңгерген психолог лауа-
зымына кандидаттардың жоқтығы, психологтар,
медиаторлар мамандарына кадрлық «тапшылық»
байқалады. «Право» ҚҚ апта сайын Еңбек,
«Жезқазған, Сəтбаев қалаларының мансаптық
орталығы» ММ сайттарында психолог пен медиа-
тордың бос лауазымы туралы хабарландырулар
жариялады. Атап айтқанда, Ұлытау өңірі бойын-
ша психолог лауазымын толтыруға байланысты
проблеманы зерделеу бойынша Қарағанды, Аста-
на, Алматы қалаларының жоғары оқу орында-
рында оқуды аяқтағаннан кейін жастардың кетуі
анықталды. Жастар мұны Ұлытауда тұрғын үйдің
жоқтығымен, мансаптық жəне рухани өсу перс-
пективасымен, сондай-ақ болашақ балалардың
лайықты қосымша білім беру қызметтерін алу
мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіреді.
Сонымен қатар жастар арасында діни көзқа-
растардың етек жаюына назар аудару қажет, бұл
мамандықтарды таңдауға да əсер етеді.
Отбасылық соттар жанындағы Отбасын
ресурс тық қолдау орталықтарының психологтары
мен медиаторлары жұмысының жалпы қорытын-
дысы: 8 884 консультация өткізіліп, отбасылық
жұптарды қамту 3 605-ті құрады. Бұл деректер
орталық мамандарының қызметтеріне жоғары
сұранысты жəне оларды одан əрі дамыту мен
кеңейту қажеттігін айғақтайды.
Жобаға 2024 жылы барлығы 12 750 адам қа-
тысты, оның 3328-і ерлер, 3409-ы əйелдер жəне
6013-і балалар. «Жастар» əлеуметтік санатында
323 адам Отбасын ресурстық қолдау орталығы
арқылы сотқа жүгінді, жұмыспен қамту санаты
бойынша: мемлекеттік қызметшілер — 116 адам,
бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 362,
жұмыссыздар – 260, қоғамдық ұйымдардың өкіл-
дері-42, бизнес сектордың өкілдері – 293.
Отбасын ресурстық қолдау орталықтарына
жүгінгендердің жалпы санынан мүгедектігі бар
адамдар 25 адамды құрады, жас санаты бойынша:
егде жастағы адамдар – 94.
Қатысушылардың ең көп саны «басқалар»
санатына жатады – 5222 адам, оған басқа са-
наттарға жатпайтын немесе клиенттердің жұмыс
орны мен лауазымын жарнамалауға деген құлшы-
нысы жоқ əртүрлі əлеуметтік жəне кəсіби топтар
кіруі мүмкін. Деректерді ажырасуды бастаған
адамдар өз еркімен ұсынады.
Жобаны іске асыру аясында отбасын ресурс-
тық қолдау орталықтарының мамандары үшін
оқыту семинар-тренингтері өткізілді. Бұл іс-шара-
лардың мақсаты татуластыру рəсімдерін дамыту,
кадрлардың біліктілігін арттыру жəне отбасы-
лармен жұмыс істеудің озық тəжірибелерін енгізу
болды. Барлығы 10 өңіраралық консультациялар
мен тренингтер өткізілді, оларға отбасы құқығы
жəне психология саласындағы жетекші маман-
дар мен сарапшылар қатысты. Тренингтің негізгі
тақырыптары:
• Балалар психологиясы мəселелері бойынша
интерактивті семинар
• Сот практикасы жəне психологтардың қаты-
суымен отбасылық істерді шешу Сот процестері
мен отбасылық жанжалдарды шешудегі əлеумет-
тік-психологиялық зерттеу
• Отбасы мəселелерінде халықаралық заңна-
маны қолдану
• Қазақстанның сот жүйесі жəне сот əкімшілігі
• Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен
жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері
• Алимент өндіріп алуды орындау бойынша
халықаралық талаптар.
Бұл тренингтер орталықтарда жұмыс істей-
тін психологтар мен медиаторлардың кəсіби да-
йындық деңгейін арттыруға жəне қиын өмірлік
жағдайлардағы отбасылармен жұмыс істеудің
тиімді əдістерін енгізуге мүмкіндік берді.
Некені тіркеу кезеңінде ерлі-зайыптылармен
жұмыс істеу белгілі бір проблеманы тудырады,
өйткені некені тіркеу мемлекеттік қызмет арқылы
жүзеге асырылады, сондықтан ерлі-зайыптылар-
мен «жүздесіп» кездесу мүмкін емес. Осы жағдай-
ды ескере отырып, «Право» ҚҚ «Семья и развод»,
«Отбасы жəне Ажырасу», «Некеге тұрушыларға
арналған жадынама», «Памятка вступающим в
брак», «Ажырасу – отбасы мəселелерінің шешімі
ме?», «Развод – решение семейных проблем?»,
«Азаматтық неке немесе бірге тұру ма?», «Граж-
данский брак или сожительство» тақырыптарына
арнап бірнеше буклеттер мен флаерлерді əзірлеп
шығарды.
Психологтың абъюзерлермен жұмысына бай-
ланысты мəселенің өзектілігін атап өту қажет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік-
ті қатаңдатуды ескере отырып, орталықтардың
психологтары əкімшілік қамауға алынғандармен,
тергеу изоляторларының базасында отбасылық
абьюзерлермен жұмыс істей бастады, олармен өт-
кізілген тренингтердің тақырыптары: «Эмоциялар
басқару» (Управление эмоциями), «Зорлық-зом-
былықсыз отбасы», олар өзін-өзі бақылауды дамы-
туға жəне жанжалды мінез-құлықты төмендетуге,
агрессияны басқару дағдыларын дамытуға жəне
зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Тренингтер құқық қорғау органдарының (əйел-
дер құқығын қорғау бөлімдері) қызметкерлерімен,
ажырасу жөніндегі талаптарды қарайтын кəме-
летке толмағандардың істері жөніндегі мамандан-
дырылған ауданаралық соттардың судьяларымен
тығыз ынтымақтастықта өткізілді.
Жобаны ақпараттық жариялау барысында
БАҚ пен əлеуметтік желілерде 657 жарияланым
орналастырылды. Бұл материалдар қоғамдық
пікірді қалыптастыруға жəне азаматтардың Отба-
сын ресурстық қолдау орталықтарының қызметі
туралы хабардарлығын арттыруға ықпал ете оты-
рып, жобаның негізгі мəселелерін кең аудитория-
ға жеткізуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, 15 жарияланым жергілік-
ті БАҚ пен əлеуметтік желілерде, соның ішінде
серіктестердің, мемлекеттік мекемелердің жəне
университет сайттарында жарияланды. Бұл мақ-
сатты аудиторияға қосымша ақпарат таратуды
қамтамасыз етті жəне халықтың əртүрлі топтары-
ның қатысуын арттырды.
Жоба аясында 206 000 қаралым жинаған 10
визит-ролик əзірленді. Бұл бейнематериалдар
отбасын ресурстық қолдау жəне тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын алу орталықтары
жұмысының маңызды аспектілерін ұсына оты-
рып, жобаның негізгі идеяларын көрнекі түрде
жеткізуге мүмкіндік берді. Халықпен жұмыс
істеудің танымал нысандарының бірі əлеуметтік
бюро өткізу болып табылады, оған мүдделі мем-
лекеттік органдардың (Əділет, полиция депар-
таменттері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен
қамту басқармасы, сот) мамандары қатысып,
отбасылық-неке саласына қатысты барлық
мəселелер бойынша халықпен консультациялар
өткізеді: «Отбасы жəне құқық» əлеуметтік бю-
росы, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасы
жəне мемлекет».
Сондай-ақ жоба республикалық теледидарда
жарық көрді, онда 1 Atameken Business телеар-
насы эфирінде 1 қатысу ұйымдастырылды. Бұл
жобаны ұлттық деңгейде ұсынуға жəне оның
маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік берді.
Жоба туралы ақпараттың қолжетімділігін қамта-
масыз ету үшін отбасын ресурстық қолдау орта-
лықтарының қызметі туралы негізгі мəліметтерді
жəне халық үшін тақырыптар бойынша маңызды
ұсынымдарды қамтитын 15 000 буклет əзірленді
жəне таратылды, олардың тақырыптары: «Се-
мья и развод», «Отбасы жəне Ажырасу», «Əке
əркімге қымбат, əкедей ешкім болмас», «Папы
разные нужны, папы всякие важны», «Некеге
тұрушыларға арналған жадынама», «Памятка
вступающим в брак», «Ажырасу – отбасылық
мəселелердің шешімі ме?», «Развод – решение се-
мейных проблем?», «Азаматтық неке немесе бір-
ге тұру», «Гражданский брак или сожительство»;
Жүргізілген ақпараттық-талдамалық жұмыс
БАҚ, əлеуметтік желілер, теледидар жəне бас-
па материалдарын қоса алғанда, түрлі медиа-
арналар арқылы халықты кеңінен қамтиды.
Əзірленген медиа өнімдер, жарияланымдар мен
іс-шаралар қоғамның хабардарлығын арттыруға,
отбасы құқықтарын қорғау жəне зорлық-зом-
былықтың алдын алу мəселелеріне қоғамдық
қызығушылықты нығайтуға, сондай-ақ отбасын
ресурстық қолдау орталықтарының мүмкіндік-
терін кеңейтуге ықпал етеді.
Жоба ажырасу процесінде тұрған ерлі-зайып-
тыларға отбасын ресурстық қолдау орталықтары
ұсынатын əлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті
кеңейтуде, халықтың хабардарлығын арттыруда
жəне отбасылық консультациялар жүйесін дамы-
туда оң динамиканы көрсетеді.
«Право» ҚҚ Отбасын ресурстық қолдау ор-
талықтары жұмысының тиімділігін күшейту жəне
халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін одан
əрі арттыруды, судьялар корпусының жүктемесін
азайтуды, жергілікті атқарушы органдарды жан-
дандыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар
енгізілді, өйткені мемлекеттік органдардың бар-
лық іс-əрекеттері ажырасу деңгейін төмендетуге
жəне елде жүргізіліп жатқан отбасылық-тұрмыс-
тық қатынастар саласындағы саясат үшін жауап-
кершілікті арттыруға бағытталған.
«Право» қоғамдық қоры
Оралханова Асем Ардаққызы
87782531466
7. «Хадия» қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры, БИН: 210440021684,
КБе: 18, Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 53/23, 2-кеңсе.
2021–2023 ЖЫЛДАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ
Қор 2021 жылдың 16 сəуірінен бастап жұмыс атқарады
№ Аты 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
1 Өтініштер саны 15 116 70
2 Өтініштер бойынша
бала саны 59 436 230
3
Өтініштер бойынша
мүмкіндігі шектеулі
жандар
4 32 17
4 Түскен қаражат 12 661
382,15 теңге
76 360 776,36
теңге
86 332 671,65
теңге
5 Өтініштер бойынша
берілген көмек
2 850 000
теңге
52 228 000
теңге
95 763 000
теңге
6
«1С-Бухгалтерия»
онлайн бағдарламаның
қызметі
110 000
теңге 110 000 теңге 110 000 теңге
7
Банктердің
комиссиялары жəне
басқа
128 510
теңге 833 293 теңге 776 370 теңге
8 Кеңсе жалдау 166 500 теңге 1 076 721
теңге
9
Жыл соңында Банк
шоттарында қалған
қаражат
42 872,15
теңге
997 305,51
теңге
2 716 886,16
теңге
10
Жыл соңында Қор
кассасында қалған
қаражат
9 530 000
теңге
31 713 550
теңге
18 600 550
теңге.
16. «Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен арызданушы Джалгасова Айжамал
Ильясовнаның тұрғылықты мекенжайы: Алматы қаласы, Шукшина көшесі, 26-үй, 1963
жылдың 17 қаңтарында туылған Ербол Юсупович Енсебаевты қайтыс болған деп
тану туралы арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі өндіріске қабылданды. Аталған
азаматтың жүрген жері туралы мəліметтері бар адамдарға жарияланым берілген
күннен бастап үш ай мерзімде бұл туралы ақпаратты Алматы қаласы Медеу аудандық
сотына, мекенжайы: Алматы қаласы, Нүсіпбеков көшесі, 32, тел.: 8 (727) 333-12-99,
8 775 304 41 48 хабарлауды сұраймыз.»
22. Жарқайың ауданының «Дене шынықтыру жəне спорт бөлімі» ММ
(БСН 241240002619) Жарқайың ауданының «Мəдениет жəне тілдерді дамыту
бөлімі» ММ-мен (БСН 241240002579) біріктіріліп, «Мəдениет, тілдерді дамы-
ту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта
құрылады.
Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мына
мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы,
Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Захаров көшесі, 37, тел. 8(71648)9-
15-31.