top of page
"Юридическая газета", "Заң газеті"

Заң газеті

Реестр объявлений

№ 14 от 21.02.2025

Скачать электронную версию газеты

II Consul.webp

ИИ КОНСУЛЬТАНТ

По вопросам размещения объявлений в газеты
"Юридическая газета", "Заң газеті"

ТАРАТУ

4. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы əкімдігінің 2025
жылғы 5 ақпандағы №20 қаулысына сəйкес Шығыс Қазақстан
облысы Самар ауданының «Достық үйі» коммуналдық мемлекет-
тік мекемесі (БСН 230240030868) таратылуда. Талап-шағымдар
хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде қабылда-
нады. Мекенжайы: ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы, Букетов
тұйық көшесі, 68-үй.

8. 10.02.2025 жылы «Арлан» ауылшаруашылығы өндірістік
кооперативі» өндірістік кооперативі (БСН 160940008188) тара-
ту туралы шешім қабылдағандығы жөнінде ҚР Азаматтық ко-
дексінің 50-бабының 1-тармағы негізінде хабарлаймыз.

10. «Альтиус Холдинг Лимитед» филиалы (БСН 220641051086)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметін
тоқтату жəне тіркеу есебінен шығару туралы хабарлайды.
Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай
ішінде қабылданады: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Иманов
көшесі, 19-ғимарат, тел. 87078513812.

17. «БҚО дарынды балаларға арналған маманданды-
рылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты
түлектерінің қауымдастығы (педагогикалық лицей)» ҚБ (БСН
231240014145) өзінің таратылғаны туралы хабарлайды. Барлық
шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішін-
де мына мекенжай бойынша қабылданады: БҚО, Орал қаласы,
У. Громова көшесі, 2/4 құрылыс.

18. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы əкімдігінің 2025 жылғы
30 қаңтардағы № 468 қаулысымен «Ақтөбе Таза Қала»
ЖШС (БСН 091240005879) тарату туралы шешім қабылдан-
ды. Талап-шығамдар мына мекенжай бойынша екі ай ішін-
де қабылданады: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанова көшесі, 50-үй,
8(7132)41-63-72.

19. «РСУ Химэкс» ЖШС (БСН 161140002965) таратылғандығы
туралы хабарлайды. Шағымдар хабарландыру жарияланған күн-
нен бастап 2 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Жамбыл
облысы, Тараз қаласы, 2-ші шағынауданы, 24-үй, 4-пəтер, тел.
87479875281.

20. «Asia gold plus» ЖШС (БСН 200440009900) өзінің тара-
тылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабар-
ландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына
мекенжайда қабылданады: Павлодар қаласы, Естай көшесі, 83,
294 т.е. үй-жай, тел. 87075577781.

21. «VozoVoz Казахстан» ЖШС (БСН 220340028828) өзінің
таратылғаны туралы хабарлайды. Серіктестіктің алдында мін-
деттемелері бар кредиторлар осы хабарландыру жарияланған
сəттен бастап екі ай ішінде мына мекенжай бойынша өз талап-
тарын мəлімдей алады: Алматы қаласы, Іле тракты, 11-үй, тел.
87717419100.

24. «Ақ-қала» ЖШС (БСН 990640004513) өзінің таратылаты-
ны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жа-
рияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда
қабылданады: ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округі,
Манкент ауылы, Аққала учаскесі, 82, пошта индексі 160800.

МҰРАГЕРЛІК

5. 2014 жылдың 28 сəуірінде қайтыс болған Кененбаев Тан-
сық Мамайұлының артынан мұрагерлік іс ашылды. Мұрагерлері
немесе мұра туралы білгісі келгендер болса, нотариус Ғ.А.Шар-
дарбековке келулері керек. Мекенжайы: Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 5-ғимарат, тел.
87022334499.

11. 2024 жылдың 19 желтоқсанында қайтыс болған Сеитова
Жанат Суттибаевнаның артынан мұрагерлік іс ашылды. Мұра-
герлері немесе мұра туралы білгісі келетіндер болса, нотариус
Сарсенбаева Анар Сапиевнаға келулері керек: Алматы қаласы,
«Мамыр-3» шағынауданы, 22-үй, 30-пəтер, тел. 87017662956.

12. 2015 жылдың 12 шілдесінде қайтыс болған Кониршаева
Злиханың артынан мұрагерлік іс ашылды. Мұрагерлері немесе
мұра туралы білгісі келгендер болса, нотариус Ғ.А.Шардарбековке
келулері керек. Мекенжайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 5-ғимарат, тел. 87022334499.

13. Жаңаөзен қаласының жеке нотариусы Нугманова Роза
Юсуповна 08.11.1962 жылы туған, 2025 жылдың 15 қаңтарында
қайтыс болған Ильясов Балғабек Қазымұлының артынан мұрагер-
лік іс ашылғанын хабарлап, мұрагерлеріне іздеу салады. Мұра-
герлердің Жаңаөзен қаласы, «Самал» шағынауданы, 1/2 үй, 20-к
мекенжайы бойынша хабарласуын сұрайды.

14. Жаңаөзен қаласының жеке нотариусы Нугманова Роза
Юсуповна 01.03.1967 жылы туған, 19.12.2024 жылы қайтыс
болған Буркитова Жанна Кайровнаның артынан мұрагерлік іс
ашылғанын хабарлап, мұрагерлеріне іздеу салады. Мұрагерлердің
Жаңаөзен қаласы, «Самал» шағынауданы, 1/2 үй, 20-к мекен-
жайы бойынша хабарласуын сұрайды.

ӘРТҮРЛІ

2. «Завод ЖБИ-35» ЖШС (БСН 140940017193) өзіне «Торговый
дом «ТолеРИС» ЖШС (БСН 080940011765) қосу жолымен өзінің
қайта құрылатыны туралы хабарлайды. Шағымдар хабарландыру
жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мына мекенжай бойын-
ша қабылданады: Шымкент қаласы, Əл-Фараби ауданы, Толстой
көшесі, 122-үй, 17-кабинет, электронды мекенжайы: zhbi35@mail.
ru.

3. «Торговый дом «ТолеРИС» ЖШС (БСН 080940011765)
«Завод ЖБИ-35» ЖШС-не (БСН 140940017193) қосылу жолымен
өзінің қайта құрылатыны туралы хабарлайды. Шағымдар хабар-
ландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мына мекенжай
бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Əл-Фараби ауданы,
Толстой көшесі, 122-үй, 5-кабинет, электрондық мекенжайы:
tolerisss@gmail.com.

9. Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Мұрағаттар жəне құжат айналымы комитетінің «Орталық мем-
лекеттік мұрағаты» РМУ, «Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай
даңғылы, 39 мекенжайындағы бар құрылыстарды (гараж жəне
қойма) бұза отырып, Орталық мемлекеттік архив үшін жаңа архив
қоймасын салу» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау»
бөлімі бойынша жария талқылаулар нысанында қоғамдық тың-
даулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылаулар біріңғай экологиялық порталдың (https://
ecoportal.kz//) сайтында жарияланған сəттен бастап 5 жұмыс күні
ішінде өткізіледі.
2025 жылғы 4 наурыздан бастап қоғамдық талқылау өткізіліп,
ескертулер мен ұсыныстар қабылданады.
Əзірлеуші: «Астанаинжпроект» ЖШС, Астана қаласы, Нұра
ауданы, Керей-Жəнібек хандар көшесі, 5-үй, 62-пəтер.
Жобаға қатысты құжаттарды, ескертулер мен ұсыныстарды
akerke@baitauin.kz электрондық поштасына немесе +77778908808
телефон нөміріне жолдауға болады.

22. Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты азаматты
хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы азаматтық іс қозғады. Арыз-
данушы Салтанат Каскарова соттан Алматы облысының тумасы,
1948 жылы 22 ақпанда туған бұрынғы жұбайы Еркин Толебаевич
Кунарбаевты хабар-ошарсыз кетті деп тануды сұрайды, өйткені
соңғы 40 жыл ішінде Е.Т.Кунарбаевтың тағдыры туралы ешқан-
дай хабар жоқ, оның соңғы тұрғылықты жері: Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы. 22.02.1948 жылы туған Еркин Толебаевич
Кунарбаевтың қайда жүргенін, қайда тұратынын білетін тұлға-
лар болса, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап үш ай
ішінде Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Əбдиев көшесі, 194
мекенжайына немесе 8 (72775) 4-03-93; 8 (72775) 4-26-60 теле-
фондарына хабарласуын сұраймыз.

26. Трихофития ауруы жəне оның алдын алу шаралары.
Трихофития – Дермотомикоз (теміреткі) – ауру адамнан
адамға, үй жануарлар мен жабайы жануарлардан адамға жұғатын
терінің жұқпалы ауруы.
Аурудың қоздырғыштары қарапайымдар тобына жататын саңы-
рауқұлақтар. Терінің ылғалдылығы аурудың қоздырғыштары үшін
қолайлы қоректік орта болып табылады, көбінесе адамдардың
бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни
дененің ашық жерлерінде кездеседі.
Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринарлық дəрігерлерге
көрсетіп, емделу қажет.
Ауруды жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың
белгілері басталады. Науқас аздап қышуды байқайды. Зақымданған
тері қызарып, кейде іріңдейді.
Дер кезінде емделмесе, ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін.
Алдын алу: қоғамдық орындарда аяқ киімсіз болмауы (монша,
сауна,бассейн,спорттық зал). Өзге адамның аяқ киімі мен киімдерін
кимеу, өзге адамдардың орамалын қолданбау. Киім мен аяқ киім-
дерді таза ұстау. Иммунитетті қалыпты ұстау жəне дұрыс тамақта-
ну. Иесі белгісіз иттер мен мысықтарды ұстамау. Үй жануарларын
ұстағаннан кейін қолды сабындап жуу. Теріде қызару, қабыр-
шақтану, шаштың түсуі жəне сыну белгілері пайда болғанда дереу
дəрігерге қаралу қажет. Саңырауқұлақ ауруы кезінде емдеу алдын
алу шараларын ұйымдастыру, əдістемелік басшылық ету жəне үй-
лестіруді тері-венерологиялық диспансерлері, ауруханадағы тиісті
бөлімшелер немесе емханадағы кабинеттер жүзеге асырады. Үйде
ем алып жатқан аурудың пəтердегі басқа адамдармен қарым-қа-
тынас жасауға, сонымен бірге монша, бассейн жəне шаштаразға
баруына болмайды. Айналасындағы адамдардан оқшаулау мақса-
тында науқастың жеке төсек-орын жəне жеке гигиеналық заттары
(тарақ, сабын, бет орамал жəне көрпе-төсектері) болуы тиіс. Са-
нитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының залал-
сыздандыру бөлімшелерінің емдеуші дəрігерлердің өтінімдері бой-
ынша науқасты оқшаулау сəтінен бастап микроспория, трихофития
жəне дермотомикоз ошақтарында қорытынды залалсыздандыру
жұмыс тары жүргізілуі тиіс.
Қ. ЫНТЫМАХОВ,
Келес аудандық дезинфекция секторының
нұсқаушы дезинфекторы

27. РМК «Қазводхоз» Ақмола филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола
облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 20-НҚ бұйрығына
сəйкес тарату желілері арқылы сумен жабдықтау (Ижевск ӨК) қызметіне 2025
жылдың 1 наурызынан бастап жаңа тарифтің енгізілетіні туралы хабарлайды
Тұтыну-
шылар
топтары
Тұтынушылардың атауы
Бекітілген
сараланған
тарифтер
теңге/м3
ҚҚС-сыз
теңге/м3
ҚҚС-пен
1 - топ
халықтың санатына жататын жеке
тұлғалар, жылу энергиясын өндірумен
айналысатын ұйымдар, жылу энергиясын
өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды
тұтыну көлемі жəне ыстық сумен жабдықтау
қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен
жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде)
қоректендіру көлемі шегінде, бекітілген
нормативтік техникалық ысыраптар
көлемінің шегінде жылу энергиясын
берумен жəне бөлумен айналысатын
ұйымдар жəне сумен жабдықтау жəне
(немесе) су бұру саласында реттеліп
көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар
220,60 247,07
2 - топ
басқа тұтынушылар – бірінші жəне үшінші
топтардың құрамына кірмейтін заңды
тұлғалар
636,29 712,64
3 - топ Бюджеттік қаражат есебінен қамтылатын
ұйымдар 1 008,98 1 130,06

15. ТОО «Талгар-Спирт» (бұдан əрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасы-
ның «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы» Заңының 45-бабына сəйкес қатысушылардың кезектен тыс жалпы жина-
лысын шақыру туралы хабарлайды.
Серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібі:
1. Серіктестіктің жылжымайтын мүлкін – жер учаскесін, кадастрлық нөмірі
03:057:012:527, онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды «ForteBank» АҚ-
на кепілге беру туралы, мекенжайы: Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов
көшесі, 302, бұл «МҰНАЙ-INTEGRATION» ЖШС-нің «ForteBank» АҚ алдындағы
қарызын/несиелік желісін орындауды қамтамасыз ету үшін.
2. Серіктестіктің жылжымайтын мүлкін – жер учаскесін, кадастрлық нөмірі
03:057:012:529, онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды «ForteBank» АҚ-
на кепілге беру туралы, мекенжайы: Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов
көшесі, 302А, бұл «МУНАЙ-INTEGRATION» ЖШС-нің «ForteBank» АҚ алдындағы
қарызын/несиелік желісін орындауды қамтамасыз ету үшін.
3. Серіктестіктің жылжымайтын мүлкін – жер учаскесін, кадастрлық нөмірі
03:057:012:527, онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды «ForteBank» АҚ-
на кепілге беру туралы, мекенжайы: Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов
көшесі, 302, бұл «ARGYMAQ TRADE» ЖШС-нің «ForteBank» АҚ алдындағы қары-
зын/несиелік желісін орындауды қамтамасыз ету үшін.
4. Серіктестіктің жылжымайтын мүлкін – жер учаскесін, кадастрлық нөмірі
03:057:012:529, онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды «ForteBank» АҚ-
на кепілге беру туралы, мекенжайы: Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов
көшесі, 302А, бұл «ARGYMAQ TRADE» ЖШС-нің «ForteBank» АҚ алдындағы қары-
зын/несиелік желісін орындауды қамтамасыз ету үшін.
5. Кепіл шарты мен қосымша келісімдерге қол қою жөнінде өкілеттік беру.
Өтетін орны мен уақыты:
2025 жылдың 24 наурызы, сағат 11:00-де, мекенжайы: Алматы облысы,
Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 302.
Кезектен тыс жалпы жиналыс Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі
шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының
47-бабына сəйкес өткізіледі.
Жиналыстың күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен Алматы
облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 302 мекенжайында танысуға болады,
тел. 8 (727)3936990.

16. «Nova Sport Distribution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 080640008289)
өзінің кредиторлары мен мүдделі тұлғаларын қатысушының үлесін ішінара өтеу арқылы
жарғылық капиталдың азаюы туралы хабардар етеді. Талаптар мен наразылықтар хабар-
ландыру жарияланған күннен бастап 1 ай ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А.Пушкин көшесі, 4-үй, 7-тұрғын емес үй-жай.

ЖОҒАЛТУ

---

БАНКРОТТЫҚ

---

bottom of page