9. Лептоспироз және Листериоз ауруларының алды алу іс ша-
ралары
Лептоспироз – бұл ауыр өтетін жұқпалы ауру. Ол бүкіл әлемде
таралған, қоздырғыштардың көпшілігі батпақты жерлерде және өте
ылғалды аймақтарда кездеседі. Листериоз қоздырғыш бактериялары
сыртқы ортаға төзімді, тіпті тікелей күн сәулесі астында екі аптаға
дейін өмір сүруге қабілетті. Лептоспироз қоздырғыштары – кеміргіштер,
шошқалар, жылқылар, иттер және ірі қара мал тасымалдаушы
болып келеді. Адамға ластанған су, жуылмаған жаңа піскен көкөністер,
жемістерден жұғуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда инфекция ет
немесе ауру мал қалдықтарын пайдаланудан туындайды.
Листериоз қоздырғышы адам ағзасына ауыз қуысы арқылы және
денедегі тері жарықтары арқылы енеді. Демек микроорганизмдер қан
арқылы бүкіл денеге таралады. Көбінесе олар лимфа түйіндерінде
көбейіп қабынуға әкеліп соқтырады. Аурудың алғашқы белгілері температураның
39-40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік,
көздің қызаруы, лимфа түйіндерінің ұлғайуы болып табылады.
Қорғанудың тиімді шарттарының бірі санитарлық-гигиенаның
барлық ережелерін мұқият сақтау, тексерілмеген су қоймаларында
шомылмау, суын пайдаланбау және мал өнімдерін (бұл сүт, ет, шұжық
т.б.) дұрыс өңдеу болып табылады. Жануарларды үнемі тексеріп қажет
болған жағдайда оларды емдеп мүмкіндігінше сарысу егу керек.
Қ.А.Ынтымахов.ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО»ШЖҚ РМК
«Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы»
филиалының Келес ауданы дезинфекциялық секторы
нұсқаушы дезинфекторы.
2. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына Алматы қаласы, Байзақов
көшесі, 314-үй, 19-пәтер мекенжайында тұратын Гридяева Ирина Николаевнадан
1968 жылы 2 қазанда Алматы қаласында туған азамат Гудимов
Олег Геннадьевичті хабарсыз кетті деп тану туралы арыз түсті.
Азамат О.Г. Гудимовтің қайда екені туралы мәліметі бар адамдар бұл
жөнінде осы хабарлама жарияланған күннен бастап үш ай ішінде сотқа
хабарлассын деп сұраймыз.
5. «Ломбард Гарант KZ» ЖШС (БСН 110240014089) микроқаржы
қызметін жүзеге асыруға (ломбард қызметі) Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне № 09.21.0033 Л 25.03.2021
ж. берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде жүгінгенін
хабарлайды. Шағымдар мына мекенжай бойынша қабылданады.: ҚР,
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Бұқар Жырау
даңғылы, 57/1 ғимарат.
10. «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша
білім бөлімінің әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(БСН 230640027293) Ақмола облысы әкімдігінің 29.11.2023 жылғы
№ А-12/550 қаулысы негізінде «Ақмола облысы білім басқармасының
Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосылу
арқылы өзінің қайта ұйымдастырылғаны туралы хабарлайды шағымдар 2
ай ішінде қабылданады, мекенжайы: 021300, Ақмола облысы, Қорғалжын
ауданы, Күмісбеков көшесі, 26-үй.
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Мәдениет комитеті
«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік
академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына
конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талапта-
ры:
1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете
отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипат-
тамасы:
«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық
ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 83 мекенжайында орналасқан,
тел. 8 (727) 272 59 33.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру
болып табылады.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар
(музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық
ғылымдар ( өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика
және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Жұмыс өтілі: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда
5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған
адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау
бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан
әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары
оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының
бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет
бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/
немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар
үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;
3. Лауазымдық міндеттері:
Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым)
шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық
етеді; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз
етеді; сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді; қаржылық және
материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық
жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта
қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін)
шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың
құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын
қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін)
жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді; Ұйымды білікті мамандармен
қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту,
еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру
жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. директор орынбасарларына,
шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның
лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі; шарттарды
және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз
етеді; Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады; бұйрықтар
шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның
мүддесіне өкілдік етеді; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі
талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
4. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының
кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан
Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік
сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30
қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі
медициналық көмек көрсету қағидаларын; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі
талаптарының тәртібін.
5. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабар-
ландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшалармен);
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі
не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының
тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе жұмыскердің еңбек
қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) жеке куәліктің көшірмесі;
8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет (кандидатпен
EGOV арқылы алынады).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне
қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер
мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері,
сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.)
бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде 2024
жылы «27» қыркүйектен бастап 2024 жылы «11» қазанға дейін жүргізіледі.
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 «Министрліктер үйі» ғимараты,
14 кіреберіс.
Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,
14-кіреберіс, 676 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
Толық ақпаратты +7 (7172) 74-04-59 телефоны бойынша алуға болады.
18. «Ломбард Верный» ЖШС, БСН 160140011585, жарғылық капиталдың
азайғаны туралы хабарлайды. Шағымдар Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы,
110-үй, пошта индексі 160011 мекенжайы бойынша бір ай ішінде
қабылданады.
20. «Шығысэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Атқарушы
органның орналасқан жері: Казакстан Республикасы, Шығыс Қазақстан
облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 81/2) өз қатысушыларын Серіктестіктің
Атқарушы органының шешіміне сәйкес 2024 жылы 29 қазанда
сағ.11.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі,
81/2 мекенжайы бойынша
«Шығысэнерго» ЖШС катысушыларынын кезектен тыс Жалпы жиналысы
өтетіні туралы хабарлайды.
Қатысушыларды тіркеу 2024 жылы 29 қазанда аталған мекенжай бойынша
9 сағат 30 минуттан 10 сағат 45 минутқа дейін жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқықтары бар катысушылардың тізімі 2024 жылы
28 қазандағы жағдайы бойынша жасалады.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген:
1. «Шығысэнерго» ЖШС жарғылық капиталын өсіру туралы.
Бірінші жиналыста кворум болмаган жағдайда жиналысты қайта өткізу
күні – 2024 жылы 8 қараша.
Серіктестік қатысушылары Жалпы жиналысының күн тәртібі маселелері
жөніндегі ақпаратпен (материалдармен) «Шығысэнерго» ЖШС Атқарушы
органының орналасқан жері бойынша танысуға болады.
29. «Kyzylorda region wildlife foundation» ЖШС (БСН
160340003764) жарғылық капиталының 1 046 616 170₸ мың тенгеге
азайтылғандығын хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру
жариялаған
күннен бастап 1 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады:
ҚР, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 12.
30. 2024 жылы «14» қазанда сағат 15.00-де Астана қаласы, Сарыарқа
ауданы, Міржақып Дулатов көшесі, 182 / 1 үй мекенжайы
бойынша сауда-саттыққа келесі мүлік шығарылады: жалпы сомасы
20 025 000 теңгеге (бір лот) 267 дана көлемінде ПК 63-15-8 маркалы
темірбетон тақталары (бір лот). Бастапқы сатып алу бағасы 20 025 000
(жиырма миллион жиырма бес мың) теңге сомасын құрайды және сауда-
саттық өткізілген деп танылған күннен бастап 3 (үш) банктік күн
ішінде 100% мөлшерінде төлеуге жатады. Сауда-саттықты өткізетін
сенімді тұлға: Осадчая Юлия Викторовна. Сенімді тұлғаның орналасқан
жері: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Міржақып Дулатов
көшесі, 182/1 үй. Тел. 8-776-672-9023.